Басты бетЖаңалықтарАлматыда "Жас...

Алматыда «Жас түлек-2019» фестивалі өтті

Мегаполистің 478 түлегі мектепті «Алтын белгімен» бітірді. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бауыржан Байбек мектеп бітірушілерді аттестат алуымен және «Алтын белгі» иелерін құттықтады.

Сендердің білімге деген құштарлықтарың, табанды әрі ерен еңбектерің жоғары марапат – «Алтын белгімен» бағаланып жатыр. Араларыңда оқушылардың республикалық, халықаралық олимпиадаларының, шығармашылық және зияткерлік конкурстардың, спорт жарыстарының жеңімпаздары бар. Сендер тәуелсіз Қазақстанда туған біздің болашағымызсыңдар. Барлық мұғалімдерді, әрине ата-аналарыңды құттықтаймын әрі оларға алғыс айтамын. Балаларының биік межелерден көрінулері үшін олар аянбай тер төкті және қаншама түнін ұйқысыз өткізді. Балаларының жетістіктері олардың махаббатына, төзімділігі мен қамқорлығына берілген марапат болсын, — деді Бауыржан Байбек.

Түлектерді халықаралық музыкалық байқаулардың жеңімпаздары Ержан Максим, Данэлия Төлешова және Жан Макин құттықтады.

Алматыда соңғы бес жыл ішінде білім саласын қаржыландыру екі есе өсті. Қаланың барлық мектебі физика, химия, биология және лингафонды-мультмедия кабинеттерімен 100% жабдықталған. 78 мемлекеттік білім нысаны сейсмикалық жағынан күшейтілді.

Қалада соңғы үш жыл ішінде 3 мың орынды үш жаңа мектеп ашылды, оның екеуі жеке инвестицияны тарту есебінен МЖӘ аясында салынды. 6 мектеп жанынан 4 мың орынды қосалқы нысан пайдалануға берілді. Биыл күзде Алатау ауданында 600 орынды тағы бір жаңа мектеп ашылады. Екі мектеп жанынан 1300 орынды қосалқы нысандар бой көтереді. Елбасының тапсырмасы бойынша Алматыда 7900 орынды тағы сегіз жаңа мектеп салынады.