Данэлия Төлешова The World’s Best шоуының финалына өте алмады

Ол үндістандық Лидиан Надхасварамға есе жіберді.

Данэлия Төлешова
Данэлия Төлешова. Фото: Instagram

Шоудың кезекті кезеңінде Данэлия әнші P!nk-тің What About Us композициясын орындады.

Қазақстандық қатысушының қарсыласы шоу жеңімпазы атанып, миллион доллар ұтып алды. Финалда ол Оңтүстік Корея акробаттары Kukkiwon-мен сынға түсті.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық The World’s Best шоуынан шығып кеткен еді. Димаш Құдайберген шоуда Adagio композициясын орындаған еді. Өнер көрсеткен кейін әнші қазылар алқасын таңғалдыратын мәлімдеме жасады. Ол шоуға қатысудан бас тартып, қазылар алқасынан түсіністікпен қарауды сұрады. Оның айтуынша, әнші балалармен бәсекеге түсуді қаламайды. Осылайша байқаудың финалына берілетін жолдамаға қазақстандық Данэлия Төлешова мен үндістандық Лидиан Надхасварам таласты.

The World’s Вest – CBS телеарнасындағы талантты адамдар туралы бағдарлама. Шоудың қазылар алқасының құрамында актриса Дрю Бэрримор, әнші Фэйт Хилл, актер Ру Пол және ағылшын комигі Джеймс Корден бар. Қатысушылардың өнерін үш негізгі төреші мен әлемнің түрлі еліндегі 50 сарапшы бағалайды.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!