ІІМ: Қазақстанда митинг кезінде 4000 адам ұсталды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда митинг кезінде 4 мыңға жуық адам ұсталғанын мәлімдеді.

9-13 маусым аралығында — бес тәулік ішінде Бас прокуратура мен ІІМ-нің бірнеше рет ескертуіне қарамастан, Қазақстан қалаларында рұқсат етілмеген митингтер өтті. Митингіге шыққан азаматтар «Митингілер, шерулер және демонстрациялар туралы» заңды бұзған. Заңда мұндай акцияларды өткізбес бұрын қатысушылар жергілікті атқарушы органдарға өтініш беруі тиіс екені анық жазылған. Митингтер жергілікті атқарушы органның рұқсатымен ғана өткізілуі тиіс, — деді Ерлан Тұрғынбаев.

Ол полиция қызметкерлеріне арнайы құралдарды қолданбауға команда берілгенін айтты.

Бүкіл полиция тәртіпсіздіктің жолын кесу үшін арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Олар — газ баллондары, дубинка. Бірақ қақтығысты оқшаулау үшін тек физикалық күш қолданылды. 4000-ға жуық азамат ұсталды, — деді министр.

Оның айтуынша, 3000 азамат қамауға алынып, босатылды. 677 адам сот арқылы әкімшілік қамауға алынды. 305 адамға әкімшілік айыппұл салынды.

ДереккөзТengrinews.kz