Басты бет / Жаңалықтар /
5b8416d6e87163ff0daf26c5ecd81094 Әскерилер қолданатын қара сойылдың атасы қайсы?
Фото: Сhatgpt.com

Әскерилер қолданатын қара сойылдың атасы қайсы?

Сойыл — қол қаруы. Алып жүруге ыңғайлы ұзынша сидам ағаш. Бұл — қарудың көне түрі. Ол алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінен бері бар.

Сойылдың ұзындығы 1-2,5 метр болады. Одан ұзын болса, бақанға көбірек ұқсаған. Ал бақанды алып жүру, онымен аң соғып алу ыңғайсыз. Сондықтан аң аулауда да, қарулы қақтығыста да адамдар сойылмен жарақтанған.

Сойылдың қалыңдығы — 6-7 сантиметр. Оны жасау үшін қатты ағашты кесіп, бұтақтарын алып тастап, қабығын аршып, кептіреді. Қазақтар әбден кеуіп, ағарып кеткен сойылды «ақ сойыл» десе, көп ұсталған сойылды «қақ сойыл» деп атаған.

Сойыл
Фото: Bolshoyvopros.ru

Орта ғасырларда қазақтар барымта мен қарымта қайтару кезіндегі екі ауыл немесе ру арасындағы қақтығыстарда ұрыс қаруы ретінде осы сойылды қолданған. Бір қызығы, қазақ халқы барымта мен қарымта даулары кезінде бір-біріне ешқашан өткір қару кезенбеген. «Сойылға жықты» деген ұғым осыдан қалған.

Сойылды қазір де қолданады. Көбіне бұл қаруды ішкі әскер сарбаздары мен тәртіп сақшылары ел тыныштығын сақтау үшін ұстап жүр. Бірақ заманауи сойылдар (дубинка) шағын етіп резеңкеден жасалады да, түсі қараға боялады.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok

Мақалаға пікір қосыңыз