1. Биылғы марафонға 17 мыңға жуық спортшы қатысты. Бұл еліміздегі бір шағын қала тұрғындарының санына тең. Мысалы, Үшарал (Алматы облысы) немесе Зайсан (ШҚО). Қазақстанда мұндай 24 шағын қала бар.
  2. Спорттық шараға әлемнің 53 елінен спортшылар келді. Осы көрсеткіш арқылы оның Олимпиадаға ұқсастығын байқауға болады. Мысалы, 2014 жылы Сочи Олимпиадасына 88 елден спортшылар қатысса, дәл сол жылы Сараевода болған Олимпиадаға 49 елдің спортшылары қатысқан еді.
  3. Марафонда спортшылар 205 000 шақырым жүріп өтті. Егер қатысушылар бір-біріне эстафета тапсырса, онда олар Жерді 5 мәрте айналып шыққандай болар еді.
  4. Спорттық шарадағы жолдың ұзындығы — 456 метр. Сәйкесінше әрбір спортшы әлемдегі ең биік ғимарат Бурдж Халифаның ортасына дейін жүріп өткенмен тең. Оның ұзындығы – 828 метр.
  5. Алматы марафонына қатысушы спортшыларға табысталатын медальдардың салмағы 2,4 тонна болды. Бұл шамамен екі бегемоттың салмағына тең.
  6. Серіктес ASU компаниясы ұсынған судың мөлшері — 40 000 литр. Егер бір адам күніне 2 литр су ішсе, бұл су мөлшері 55 жылға жетеді екен.
  7. Спорттық шара кезінде 88 келі қоқыс жиналып, қайта өңдеуге жіберілді. Осылай қайта өңдеу арқылы 1760 литр су үнемделді. Мұндай қоқыс көлемі 880 рулон дәретхана қағазын шығару үшін қайта өңделуі мүмкін.
  8. Алматы марафонында 2 сағат 28 минут 34 секундта келіп, рекорд орнатқан спортшы — Зикрилло Маматкулова. Бұл — 2017 жылы Берлинде Элиуд Кипчог орнатқан әлемдік марафон рекордынан 27 минутқа баяу көрсеткіш.
  9. Осы жылы Алматы марафонында әйелдер арасында Ресейден келген Александра Каланова рекорд орнатты. Александраның уақыты — 02:42:44. Бұл — Лондонда әлемдік рекорд орнатқан Паула Радклиффтің көрсеткішіне қарағанда 27 минут 14 секундқа жоғары көрсеткіш.
  10. Гиннестің рекордтар кітабын жаңартуға екі қатысушы ниет білдірген. Оның бірі — Польшадағы әуесқой спортшы Войчиех Махник Гиннестің рекордтар кітабын «Түрлі елдерде бір жыл бойы өткізілетін марафондарға қатысу» бойынша жаңартуға ниетті. Ол 2018 жылдың тамыз айынан бастап 35 марафонды жүріп өткен. Екінші өтінім Австралиядан келген Алистайр Коитеттиден келді. Оның мақсаты — әлемнің 52 еліндегі 52 марафоннан өту және әрқайсында рекорд жасау.