Сочи олимпиадасының серіктесі Универсиадаға тартылды

Келісім негізінде DHL компаниясы 100 тонна спорттық инвентарьді тасымалдамақ. DHL Компаниясы — экспресс-жеткізулер мен логистика саласының көшбасшысы. Компанияның 220 мемлекеттегі өкілдіктерінде 340 000 қызметкер бар. 2015 жылы таза табысы  59 млрд. еуроны құраған.

28-ші  Дүниежүзілік қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтеді. Қысқы Универсиада бағдарламасына 12 спорт түрі кірген. Сайыстарға 2 мың спортшы қатысады. Ұйымдастыруға 3 мың ерікті жұмылдырылмақ. 30 мың отандық әрі шетелдік туристтер келеді деп күтілуде. Универсиаданы 80 елден 1 млрд адам тамашалайды.

ДереккөзҚазАқпарат