Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыдағы жаңа метробекеттің құрылысына 2,9 млрд теңге бөлінді

Фото: Bcn.kz

Не болды?

Алматы әкімдігі жаңа метрополитен бекетінің қүрылысына арналған тендер жариялады. Жобада Қалқаман станциясынан «Барлық» базарына дейінгі аралықта метро желісі салынады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Мемлекеттік сатып алу сайтында, әкімдіктің құрылысқа бюджеттен 2,9 миллиард теңге бөлгені көрсетілген. Мердігерлер конкурсқа қатысуға өтінімді 9 маусымға дейін бере алады.

Жобалау құжаттамасы бойынша, жаңа бағыт Абай даңғылы бойымен Алатау даңғылына дейін созылып, одан әрі Райымбек даңғылында аяқталады. Кейін жерасты жолы «Барлық» базарына дейін жетеді. Демек, үш жаңа метробекеті салу жоспарланған. Барлығы таяз орналасатын, бағаналы үлгідегі бекеттер болады.

Техникалық талап бойынша, құрылыс кезінде өрт қауіпсіздігі мен санитарлық нормаларға сай келетін материал қолданылады, отандық өнімге басымдық беріледі. Сонымен қатар әр бекет үшін бірнеше ракурстан дайындалған толыққанды 3D-модель әзірленуі қажет. Жобалау барысында сейсмикалық қауіпсіздік талабы да ескеріледі.

Контекст

Естеріңізге салайық, метрода турникеттер жаңарды. Енді жерасты жолында жетонмен төлем жасау мүмкін емес.