Басты бет / Жаңалықтар /
жол жөндеу, жол белгісі, жол ережесі
Фото: Ерқанат Аманкел

Алматыда Ғабдуллин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Не болды?

Алматыда Ғабдуллин көшесінің бір бөлігінде жол жөнделіп, көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

5 маусым сағат 08:00-ден 6 маусым сағат 06:00-ге дейін Байзақов көшесі мен Манас көшесінің аралығындағы жол учаскесі толықтай жабылады.

Жөнделетін аумақта арнайы ескерту белгісі мен мердігер ұйымның байланыс деректері көрсетілген ақпарат тақтасы қойылады.

Қала тұрғындары мен жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлау сұралды.

Алматы, жол
Фото: Алматы әкімдігі

Әкімдік мәліметінше, жол қозғалысына қатысты барлық уақытша өзгерістер туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің ресми әлеуметтік желідегі парақшасында, сонымен қатар 2GIS және «Яндекс карталар» сервисінде жарияланады.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматыда әл-Фараби даңғылы мен Рысқұлов көшесінде автобус жолағы салынады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook