«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының кей аймағында найзағай, дауыл болады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші секундына 15-20 метр, екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің күші секундына 15-20, екпіні секундына 23 метрге артады.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей аймақтарында найзағай, дауыл тұруы мүмкін. Бұршақ жауып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Алматы, Қостанай облыстарының кей жерінде найзағай соғады. Күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге артады.
Қостанай облысының кей аймағын тұман басады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, тұман болып, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін артады.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнап, күндіз дауыл тұруы ықтимал. Желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ақмола облысының кей жерінде найзағай, тұман болады.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.