Жаңбыр, найзағай, бұршақ. Дүйсенбідегі ауа райына болжам

«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының  кей аймағында найзағай, дауыл болады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші секундына 15-20 метр, екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді.

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің күші секундына 15-20, екпіні секундына 23 метрге артады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей аймақтарында найзағай, дауыл тұруы мүмкін. Бұршақ жауып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Алматы, Қостанай облыстарының кей жерінде найзағай соғады. Күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге артады.

Қостанай облысының кей аймағын тұман басады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, тұман болып, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін артады.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнап, күндіз дауыл тұруы ықтимал. Желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ақмола облысының кей жерінде найзағай, тұман болады.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.