ҚР Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен ақпаратқа сәйкес сайлаушылар дауысы келесідей бөлінді:
Жамбыл Ахметбековке сайлаушылардың 1,83%-ы (167 249) дауыс берді.
Дания Еспаеваға — 5,2% (470 153).
Әміржан Қосановқа — 16,2% (1 472 733).
Төлеутай Рақымбековке — 3,2% (294 271).
Амангелді Таспиховқа — 2,07% (190 304).
Қасым-Жомарт Тоқаевқа — 70,76% (6 504 054).
Сәді-Бек Түгелге — 0,92% (84 348).
Сайлау туралы заңға сәйкес 9 маусымда өткен Президент сайлауының соңғы нәтижесін ОСК жеті күннен кешіктірмей беруі тиіс.
Еске салайық, 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден бастап кешкі 20.00-ге дейін сайлау учаскелері еліміздің барлық өңірінде жұмыс істеді.
Республика бойынша дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Уақыт айырмашылығына байланысты Батыс Қазақстанның бес өңірінде сағат 21.00-ге дейін созылды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша сайлаушылардың жалпы саны — 11 947 995. Сағат 20.00-де тізімге енген сайлаушылардың 77,4%-ы дауыс берген. Сайлауға қатысу бойынша жоғары белсенділік Алматы, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында байқалды.
«Қоғамдық пікір» институты мәлімдеген exit poll бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13% дауыс жинаған. Сайлаушылардың 15,39%-ы Әміржан Қосановқа, 5,32%-ы Дания Еспаеваға дауыс берді. Ал «Молодежь» ғылыми-зерттеу орталығы ұсынған мәлімет басқа. Қасым-Жомарт Тоқаев — 69,94%, Әміржан Қосанов — 14,96%, Дания Еспаева — 4,78% дауыс жинады.