Exit poll. Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, қоғам пікіріне сауалнама жүргізуге екі ұйымның ғана рұқсаты бар. Олар: «Қоғамдық пікір институты» ҚҚ және «Молодежь» ғылыми-зерттеу орталығы” ЖШС.

«Қоғамдық пікір» институты мәлімдеген exit poll бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13 пайыз дауыс жинаған.

Exit poll нәтижесі  төмендегідей:

  • Жамбыл Ахметбеков — 3,86%;
  • Дания Еспаева — 5,32%;
  • Әміржан Қосанов — 15,39%;
  • Төлеутай Рақымбеков — 3,03%;
  • Амангелді Таспихов — 1,41%;
  • Қасым-Жомарт Тоқаев — 70,13%;
  • Сәді-Бек Түгел — 0,86%.

«Молодежь» ғылыми-зерттеу орталығы ұсынған мәлімет басқа. Орталық директоры Талғат Қалиевтің хабарлауынша, алдын ала қорытынды төмендегідей:

  • Жамбыл Ахметбеков – 3,06%;
  • Дания Еспаева – 4,78%
  • Әміржан Қосанов – 14,96%
  • Қасым-Жомарт Тоқаев – 69,94%
  • Төлеутай Рақымбеков — 2,71%
  • Амангелді Таспихов — 2,63%
  • Сәді-Бек Түгел — 1,92%.

Президент сайлауы 9 маусым күні 07.00-20.00 аралығында өтті. Азаматтардың сайлауға қатысу көрсеткіші 77,4% болды. Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша дауыстарды санау нәтижесі аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және ОСК-ге екі күнде (2019 жылдың 11 маусымынан кешіктірмей) жеткізіледі.