Сайлау күні Нұр-Сұлтан базарлары сағат 12.00-де ашылады

Нұр-Сұлтанда 9 маусым — кезектен тыс Президент сайлауы күні базарлар сағат 12.00-ден бастап жұмыс істейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл бастаманы қаладағы базар басшыларының өзі көтерген.

Мұндай шешім кәсіпкерлер мен сауда нысандары қызметкерлері өз белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, сайлауға қатысуы үшін қабылданып отыр, — деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметі.

9 маусымда Нұр-Сұлтандағы 17 сауда орны: «Артем», «Көк базар», «Ұлжан», «Орталық», «Әсем», «Алай», «Эталон», «Сапар», «Әмір», «Алтай», «Көктал», «Сәлем», «Шарын», «Сарыарқа», «Керуен», «Шапағат» және «Он-Олжа» сағат 12.00-ден бастап ашылады.