9 облыстың аумағында найзағай ойнайды

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында екпіні 23-28 м/с-ке жететін жел соғады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар облысында тұман түседі. Атырау облысында найзағай ойнап, жел күшейеді, шаңды дауыл тұрады. Батыс Қазақстан облысында 18-20 м/с жел соғады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтанда ескерту жарияланды.

Қостанай облысында жел екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді, тұман түсіп, найзағай ойнайды. Ақтөбе, Қарағанды, Алматы облыстарында 15-20 м/с жел соғады, күндіз найзағай ойнайды. Қызылорда облысында 15-20 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, күндіз 15-20 м/с жел соғады.

Үлкен Алматы, Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні болуы мүмкін.