Алматы полициясы «Жаужүрек полк» кезінде қауіпсіздікті күшейтеді

Алматы полициясы Жеңіс күні мерекесінде болатын «Жаужүрек полк» шеруі кезінде қауіпсіздікті күшейтеді. Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ардагерлердің 25 ұйымынан сондай өтініш түскен.

9 мамыр күні болатын «Жаужүрек полк» шеруіне биыл 115 мыңнан астам адам қатысады деген жоспар бар.

Осыған орай қалалық полиция жеке құрамның күшейтілген қызмет  көрсетуге көшкенін хабарлайды және де азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірегей іс-шаралар қолданылатынын мәлімдейді. Атап айтқанда, полиция қызметкерлері  «Жаужүрек полк» колоннасына ілесе жүріп отырып, қауіпсіздікті күшейтудің  жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Мереке күндері антитеррористік қауіпсіздік шаралары да  күшейтілмек, — деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер шеру қозғалысының барлық бағыты бойынша бетон қоршаулар қойғалы отыр. Бұған 2016 жылдың шілде айында Ниццада болған терроризм актісі себеп. Ол кезде жүк машинасы халықты таптап өткен еді. Алматы полициясы қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерін мейлінше болдырмауға тырысатынын да хабарлады.

Құқық қорғау органдары экстремистік қозғалыс өкілдері тарапынан жасалған қоғамға қарсы кез келген іс-әрекетке жедел түрде қимылдайтынын хабарлайды және заңбұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қатаң іс-шаралар қолданылатын мәлімдейді, — деп хабарлады полиция.