Қауіпсіздік сертификаты жеке мәліметті қаншалықты қорғайды?

Зекен Исмаиловтің айтуынша, қауіпсіздік сертификаты трафиктің шифрын шешуге мүмкіндік береді. Бірақ ол тек онлайн режимде және заңға қайшы контентке қатысты қолданылады.

Сіздің хат-хабарларыңызды, кіру тарихыңызды, әлеуметтік желілердегі парақшаңызды, жасырын кодтарыңызды ешкім сақтамайды. Заңға қайшы контенттің тізімі бар, ол уәкілетті органдардың ережелері, сот шешімдері бойынша анықталған, — деді «Мемлекеттік техникалық қызмет» кәсіпорнының басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Зекен Исмаилов қауіпсіздік сертификатын VPN-мен бірге қолдануға болатынын айтты. Сонымен бірге ол «Сертификат орнатылмаған телефондардан интернет-ресурстарға қосылу мүмкін болмайтыны рас па?» деген сауалға жауап берді.

Біз әрдайым байланыс операторларымен жұмыс істейміз және туындаған ба жарлық мәселені қарастырамыз, олар жауапты салаға қатысты болса, байланыс операторының call-орталығына хабарласыңыз. Егер ол проблема қауіпсіздік сертификатына байланысты болса, яғни сертификат орнатпаған адамдарға қолжетімділік бұғатталған болса, біз бірге шешеміз. Кез келген технологиялық шешімде кемшіліктер болады деген түсінік бар. Қазір апробация процесі жүріп жатыр, — Зекен Исмаилов.

Бұған дейін Қазақстанның ұялы байланыс операторлары Нұр-Сұлтанда абоненттерге интернетке қосылатын ұялы телефондарға қауіпсіздік сертификатын орнату туралы хабарлама таратқан еді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдерінің айтуынша, «бұл пилот жоба азаматтарды, мемлекеттік органдар мен жеке компанияларды хакер шабуылдарынан, интернет алаяқтарынан және басқа да киберқауіптерден қорғайды».