Биыл елімізде ұрланған ұялы телефондардың жалпы құны 2,8 миллиард теңге болды

Сақтандыру компаниясы ұрланған ұялы телефондардың статистикасы негізінде олардың жалпы құнын есептеп шығарды.

Смартфон

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің  мәліметінше, 2018 жылдың тоғыз айы ішінде Қазақстанда ұялы телефон ұрлаудың 31 111 оқиғасы тіркелді. “НОМАД Иншуранс” сақтандыру компаниясының мамандары ұрлықтың бұл түрі елімізде тіркелген барлық ұрлық деректерінің 23%-ы болады деп отыр.

Ұялы телефон ұрлығы Алматыда ең көп тіркелген (7 412 дерек), содан кейінгі орындарда – Астана (2 915), Алматы облысы (2 810), Қарағанды облысы (2 448) және Шығыс Қазақстан (2 354) облысы. Ұялы телефон ұрлығы ең аз тіркелген өңірлер қатарында Маңғыстау (325), Солтүстік Қазақстан (525), Қызылорда (528), Атырау (621) және Түркістан (881) облыстары бар.

Дегенмен ұрлық статистикасын әр облыстағы халық санымен салыстырсақ және ұрлықтың халықтың жан басына шаққандағы коэффициентін есептесек, 100 000 адамға шаққандағы ұрлық саны бойынша Алматы, Астана, Шымкент пен Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары көш бастайды.

Өңірлер бойынша ұялы телефондарды ұрлау статистикасы

ОблысыҰрлық саныӘрбір облысқа ұрлық үлесіХалық саны100 000 адамға санағандағы ұрлық саны*
Алматы қ.7 41224%1 843 103402
Астана қ.2 9159%1 060 835275
Шымкент қ.2 1237%1 010 514210
Ақтөбе1 7706%866 442204
Батыс Қазақстан1 3104%650 823201
Қостанай1 5605%873 721179
Қарағанды2 4488%1 379 262177
Шығыс Қазақстан2 3548%1 380 060171
Алматы2 8109%2 033 128138
Павлодар1 0283%753 940136
Ақмола9923%739 612134
Жамбыл1 1284%1 122 839100
Атырау6212%630 54598
Солтүстік Қазақстан5252%555 73794
Қызылорда5282%791 55167
Маңғыстау3251%673 26848
Түркістан8813%1 968 89945
Қалғандары3851%
БАРЛЫҒЫ3111518334279170

 

* Ұрлық статистикасы – Қазақстан Республикасының Бас прокурорының мәліметі бойынша

** Ұрлық коэффициенті шамамен ҰК = формуласы бойынша есептеледі (ұрлық саны * 100,000) / Халық саны

IDC Quarterly Mobile Phone Tracker мәліметі бойынша 2017 жылы Қазақстандағы смартфонның орташа бағасы 247 долларға немесе қазіргі бағам бойынша 91 390 теңгеге жетті. Ұрлық статистикасын есептегенде 2018 жылдың тоғыз айында қазақстандықтардан ұрланған ұялы телефондардың жалпы құны 2,8 миллиард теңге болады.