24 ақпаннан бастап жаңа ұялы құрылғылар Samsung.kz ресми интернет-дүкенінде және Samsung серіктестерінің бөлшек сауда желілерінде сатылады. Компания Galaxy флагмандық смартфондарының бағалаушыларына тосын сый дайындап Galaxy S23 сериялы кез келген модельдің сатып алушыларына Galaxy Watch4 смарт-сағатын сыйлайды. Ұялы құрылғыларды бөліп төлеу немесе Trade-in бағдарламасы арқылы сатып алуға болады.

Galaxy S23 сериясы алдын ала тапсырыстың таңғаларлық қорытындыларын көрсетті. Бұл танымал болып келе жатқан трендтің жалғасуы: Galaxy S22 сериясына алдын ала тапсырыс та үлкен табыс әкелген еді: бірінші апта ішінде алдын ала тапсырыс саны Galaxy S21 сериясының көрсеткіштерінен асып түсті. Биыл өсу жалғасты, осы ретте алдын ала тапсырыс берушілердің 60% премиалды Galaxy S23 Ultra-ны таңдады.

Galaxy құрылғылары әр буын сайын жақсарып жатыр. Ең ұсақ бөлшектерді айшықтайтын Galaxy S23 Ultra-дағы жаңа 200-мегапиксельді Adaptive Pixel сенсоры; тәуліктің кез келген шағында керемет контент жасауға көмектесетін серияның барлық модельдеріндегі эпикалық камералар; Galaxy-ға арналған Snapdragon® 8 Gen 2 платформасының арқасында әлемдегі ең жылдам ұялы графика  – осы артықшылықтардың барлығын өз құрылғыларының мүмкіндіктерін барынша қолдануға тырысатындар таңдайды.

Galaxy S23 сериясында қауіпсіздік айтарлықтай жақсартылған. Қорғаныс деңгейінде сіздің деректеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Samsung Knox платформасынан басқа,  жаңа құрылғылар Samsung Message Guard «құмсалғыш» қуатты құралымен жабдықталған және ол «нөлдік түрту» эксплойттарын пайдаланып жасалған шабуылдан қорғайды. Бұл сіздің смартфоныңызға кескін жолдау арқылы деректеріңізге қауіп төндіретін кибершабуылдың жаңа түрі  – оның нәтижесінде құрылғыңыз тіпті сіздің қатысуыңызсыз қауіпсіздігінен айырылады.

Жуырда Samsung виртуалды әлемде Galaxy S23 инновациялық сериясының мүмкіндіктерін тексеруге болатын және танымал қазақстандық жұлдыздардың концерті өткізілетін метағаламда ғаламат шоу ұйымдастырады. Мета-кеш өткізілетін бүкіл локацияда кез келген Galaxy S23 моделіне сатып алу жеңілдігін беретін промо-кодтар жасырылады. Жаңалықтарды бақылаңыздар!

Samsung.kz сайтында жаңа смартфондар туралы толығырақ ақпарат алып супертиімді сауда жасай аласыз.

Samsung Expo 2030 дүниежүзілік көрмесін өткізу орыны ретінде Пусан қаласының үміткерлігін қолдайды.