Талдыкөл ауылында тұрғындар эвакуацияланып жатыр
Атырау облысы Махамбет ауданы Талдыкөл ауылына су басу қаупі төнгендіктен елдімекен тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Бұл туралы жергілікті жедел штаб хабарлады.
310 материал
Атырау облысы Махамбет ауданы Талдыкөл ауылына су басу қаупі төнгендіктен елдімекен тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Бұл туралы жергілікті жедел штаб хабарлады.
Су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқан 29 адам жазаланды. Бұл туралы мәжіліс депутаттарының сауалына премьер-министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.
Премьер-министр Олжас Бектенов президентке су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек беру жұмыстары үкіметтің тікелей қадағалауымен жүргізіліп жатқанын баяндады.
Су тасқынынан зардап шеккен үш өңірде 3,5 мыңнан астам оқушы аралық және қорытынды емтихан тапсырмайды. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкімет отырысында баяндады.
Елімізге Ресей Федерациясы аумағынан су келіп жатыр. Атырауда Жайық өзенінің деңгейі - 573 сантиметр, Атырау облысының Махамбет ауылында – 1 015 сантиметр.
Атырауда тасқын судың қаупі төнген жағдайда тұрғындарды орналастыратын 94 эвакуация пункті дайын тұр. Бұл туралы Атырау облысы жедел штабы хабарлады.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құйлыс ауылында кеше түнде бөгеттен су өтіп кетті. Толқын күшейген кезде бөгеу жұмыстары қайта жанданды.
Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үйдің құрылысы басталады. Бұл туралы облыстық жедел штаб хабарлады.
Су басқан аймақтардағы мектеп түлектері үшін ҰБТ-ға тіркелу және емтиханды тапсыру мерзімі ұзартылды. Олар тестілеуді 12 шілдеге дейін тапсырады.
Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда орналасқан 17 мектептің 9 және 11-класс оқушылары емтихан тапсырмайды. Бұл туралы онлайн брифиңде Қазақстанның оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаева айтты.
Қазақстанның сегіз өңірінде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі сақталып отыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
Бүгін үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге демеушілік көмек көрсететін компанияларды атады.
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов премьер-министр Олжас Бектеновке мемлекет басшысының су тасқынынан кейін тұрғын үйлерді, инфрақұрылымды қалпына келтіру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру, сонымен қатар көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндады.
Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыз азаматтарды су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда тұрғын үй салуға және инфрақұрылымды қалпына келтіруге қатысуға шақырады.
Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны бойынша сағат 10.00-дегі ақпаратты жариялады.
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Атыраудағы су тасқынына қарсы құрылыстарды тексеріп, екі су арнасының жұмысымен танысты.
Атырау облысындағы Талдыкөл ауылын су басуы мүмкін. Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
Жайық өзенінің Атырау облысындағы тұсында су деңгейі көтеріліп жатыр. Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
Республика бойынша 54 703 адам өз үйіне оралды. 5291 адам, оның ішінде 2239 бала эвакуациялау пункттерінде. Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
5 281 адам, оның ішінде 2242 бала эвакуациялау пункттерінде. Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі хабарлады.