Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, «АМАНАТ» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мамандарының қатысуымен «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті.

Онда көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласының көпқабатты тұрғын үйлерін ыстық сумен қамту жобасы жүзеге асырылып, бүгінде тұрғындар оның игілігін көруде.

Тұрғын үй қорын жаңарту тұрақты бақылауымызда. Үш жылда 3 млрд. 500 млн. теңгеге 65 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Қызылорда қаласында 1 млрд. 775 млн. теңгеге 60 ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері заманауи панельмен қапталды, 4 млрд. теңгеге қосымша 70 тұрғын үй жаңартылуда. Аулаларға демеушілер есебінен 80 спорт, ойын алаңы орнатылды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елді мекендерді абаттандыру, қоршаған ортаны таза ұстау, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыруда ауқымды шаралар ұйымдастырылып келеді. Мақсат – тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау.

Форум аясында көтерілген бастамалар еліміздегі және Сыр өңіріндегі тұрғын үй саласының дамуына оң серпін береді деп сенемін. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!» – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Басқосуда Ержан Жұматұлы, Мархабат Жайымбетұлы, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Тұрсынбайұлы, «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ департамент директоры Марғұлан Жеңісұлы, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаинұлы, Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Сәбитұлы, Пәтер иелері ассоциациясының Қызылорда қаласы бойынша төрайымы Ілімжаухар Кеңесқызы сөз сөйледі.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі