Елімізге Ресей Федерациясы аумағынан су келіп жатыр. Атырауда Жайық өзенінің деңгейі — 573 сантиметр, Атырау облысының Махамбет ауылында – 1 015 сантиметр.
Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.
Жайық өзенінің деңгейі одан әрі көтеріледі деп күтіліп отыр. «Қазсушар» мекемесінің жергілікті филиалының мамандары тасқын суын өткізу жұмысын жалғастырылып жатыр, — делінген хабарламада.
Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 96%-ке толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр.
Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 100%-ке толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы 100%-ке толы. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр.
Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 86,6%. Аймақта су тасқыны жалғасып жатыр.
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасы 68,3%-ке толды. Аймақта су тасқыны жалғасып жатыр. Ертіс каскадының барлық су қоймасы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Қарағанды облысындағы үш ірі су қоймасы 99,7%-ке толы. Олардың барлығы штаттық кесте аясында жұмыс істеп тұр.
Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Су қоймаларында «Қазсушар» мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониториңі жалғасып жатыр. Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.