Су тасқыны болған өңір түлектеріне арнайы гранттар беріледі

Су басқан аймақтардағы мектеп түлектері үшін ҰБТ-ға тіркелу және емтиханды тапсыру мерзімі ұзартылды. Олар тестілеуді 12 шілдеге дейін тапсырады.

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Егер бұл балалардың ҰБТ нәтижелері төмен болса, онда қыста тапсырылған емтихан нәтижелерімен грант конкурсына қатысуға мүмкіндік беріледі. 

Су тасқыны болған алты аймаққа министрлік тарапынан арнайы гранттар бөлінеді. Ол туралы арнайы пресс-конференция өткізіледі. Бұл мәселені қарастырып, министрлік, депутаттар тарапынан ұсыныстар болды. Ата-аналармен су тасқыны болған өңірлерде халықпен кездесулер болды. Оқытушылармен, оқушылармен кездесулер өткізіліп, осындай шешімдер қабылданды, – деді спикер.