30 қазан күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман мен көктайғақ күтіледі.
Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күн ашық. Сондай-ақ, еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, ттұман түседі, - деп хабарлайды «Қазгидромет».