Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с-пен соққан желдің екпіні 28 м/с артады.

Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының бірқатар аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ болжанады. Шығыс Қазақстан мен Атырау облыстарында да тұман күтіледі