13 қазанға арналған ауа райының болжамы

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады, түнде және таңертең республиканың солтүстік-батысында, таңертең және күндіз оңтүстікте, күндіз батыстың кей жерлерінде аздаған жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Казгидромет».

Қазақстанның солтүстік және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде жел күшейеді деп болжануда.

Батыс және солтүстіктің бірқатар аудандарында тұман түседі.

Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында желдің жылдамдығы 18-23 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел күшейеді – 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Маңғыстау облысының кей жерлерін тұман басады.