Қазір қазақтың рухани құндылығын дәріптеу мен қазақша сөйлеу сән. Осы ретте, өскелең ұрпаққа жол нұсқап, бағыт-бағдар беретін мұғалімнің еңбегі айрықша.
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында жаңа буын-жас таланттардың жетістігі көбейе түсуде. Жуырда «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен оқуда үздік және белсенді оқушыларға арналған жиырма күндік лагерге аталмыш ауданнан 7 оқушы қатысты.