Патриотизм – елдің рухани іргетасы. Қазір бұл тек әскери ерлікпен өлшенбейді. Әлем елдері Отан сүюді бала жастан қалыптастырудың жаңа тәсілдерін іздеп, оны білім, мәдениет және технология арқылы дамытып келеді.
Жапон тәсілі: тәртіп арқылы туған жерге құрмет
Жапонияда патриоттық тәрбие мектептен басталады. Балалар тарихты оқумен қатар, күн сайын класты жинау, ағаш егу сияқты жұмыстарға қатысады. Бұл қарапайым істер арқылы олар «Отанға қызмет ету еңбектен басталады» деген қағиданы бойына сіңіреді.
Америкалық үлгі: азаматтық сана мен заңға құрмет
АҚШ-та патриотизм азаматтық борыш ұғымымен тығыз байланысты. Әр мектепте таңертең әнұран шырқалып, балалар елге адал қызмет ету туралы ант береді. Олар үшін қызмет ету жай сөз емес, іс, яғни салық төлеу, заңды сақтау, қоғамға пайда тигізу.
Оңтүстік Корея: мәдениет арқылы ұлттық бренд қалыптастыру
Оңтүстік Корея патриотизмді мәдени экспортпен ұштастырды. K-pop, кино және ұлттық тағам әлемдік брендке айналып, халықтың елге деген мақтанышын арттырды. The Korea Times дерегінше, мәдени өнімдердің экспорты ел экономикасының 7%-ына тең, бұл – «мәдени патриотизмнің» нақты нәтижесі.
Ал Қазақстанда патриоттық тәрбие білім беру жүйесінде және қоғамдық бастамаларда кеңінен дамып келеді. Мектепте «Адал ұрпақ», «Жас сарбаз» сияқты бағдарламалар іске асырылып, жастарды елге қызмет етуге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулиды.
