Бұдан бұлай еліміздегі мұғалімдер сабақтарды ұйымдастырудың ерекшеліктеріне қарай, өздеріне ұнайтын оқулықты ETANDAU.GOV.KZ платформасы арқылы таңдай алады. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында әлемнің үздік оқу орындарының қолданысындағы таңдаулы 18 оқулық қазақ тіліне аударылды.