Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Елімізде мектеп оқулықтары қайта жазылады

Фото: Сәбина Әбдімәлік

Не болды?

Қазақстанда оқушыларға арналған мектеп оқулықтары қайта жазылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменнің үкімет отырысындағы сөзіне қарағанда, 2027 жылы 1-5-клаcс оқушыларына жаңа оқулықтар шығарып, 10-11-кластарға арналған оқулықтардың мазмұнын нығайту жоспарланып отыр. Ал 2028 жылы 2 мен 6-класқа жаңа оқулықтар шығады. Биыл 3, 4, 7, 8 бен 9-класқа арналған оқулықтар жаңартырды.

Дәл осы тәсіл оқушылардың сапалы дайындығын қамтып, аналитикалық және ғылыми ойлауын дамытуға мүмкіндік береді. Бастауыш кластың білімін нығайтуға басымдық беріледі. Өйткені дәл осы кезеңде баланың әрі қарай жолын айқындайтын базалық білім мен басты құндылықтың негізі қаланады. Сондықтан оқу бағдарламасы ғана емес, оқулықтың да мазмұны қайта қаралады, — дейді министр.

Контекст

Естеріңізге салайық, былтыр 2026-2027 оқу жылына арналған жаңа оқулықтар қоғам талқысына ұсынылды.