Қазақстанда оқулықтарды таңдау жүйесі автоматтандырылады

Бұдан бұлай еліміздегі мұғалімдер сабақтарды ұйымдастырудың ерекшеліктеріне қарай, өздеріне ұнайтын оқулықты ETANDAU.GOV.KZ платформасы арқылы таңдай алады. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Қазіргі таңда электронды платформа Астана және Алматы қалаларының, сонымен қатар Қостанай облысының бірқатар мектебінде апробациядан өтті.

ETANDAU.GOV.KZ— бұл мұғалімдерге арналған оқулықтарды таңдаудың ашық жүйесі. Апробация кезінде оның функционалдығы және жұмысты оңтайландыру мүмкіндіктері расталды. Педагогтер оқу процесінің ерекшеліктері мен ұйымдастырылуын ескере отырып, өздеріне ұнайтын оқулықты өз бетінше таңдай алады, — деді Республикалық білім беру мазмұнын сараптау ғылыми-практикалық орталығының директоры Назира Әбдірахманова.

Қазір мұғалімдер платформаны пайдалану бойынша оқытудан өтіп жатыр. Айта кетейік, бұл бастама білім беру сапасын және тиімділігін арттыруға тағы бір қадам болады.