Түркістан облысында жиын-терім науқаны жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстар барысы мен өзекті мәселелер Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте талқыланды.
Түркістан облысында биыл 88 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» шеңберінде «Еңбек» бағыты бойынша 70 250 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделген. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өмірзақ Шөкеев жақында ғана қолданысқа берілген халыққа қызмет көрсету орталығында болып, жаңа орталықтың жұмыс барысымен танысып, аудан ақсақалдарымен кездесті.