Түркістан облысында Сауран ауданы құрылуы мүмкін

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңір әкімі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілгелі бері Кентауға 12 ауыл округі қосылған.

Кентау қаласы аумағындағы елді мекендердің дамуына қанша көңіл бөлінгенімен, өңірді ары қарай тиімді дамыту бағыттары Мені көптен бері толғандырып жүрген мәселенің бірі еді. Бұлай дейтін себебім, қала шекарасының кеңеюі, тұрғындар санының екі есе артуы, бұрынғы Кентау қаласы мен ауыл округтерінің дамуына, әлеуметтік мәселелердің уақтылы, сапалы шешуге, аумақты ұтымды басқаруға біршама қиындық туындатты. Осыған орай, жаңа аудан құру және оған «Сауран» атын беру жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс берілді, — деді Өмірзақ Шөкеев.

Түркістан облысының әкімі заң талаптарына сай тиісті құжаттар рәсімделіп жатқанын айтты. Қорытынды құжаттар Үкімет пен Президенттің қарауына енгізіледі.

Айта кетейік, «Сауран» ауданын 2021 жылы Наурыз мейрамы қарсаңына қарай құру жоспарланып отыр.