Өмірзақ Шөкеев Түлкібас ауданында ашылған ХҚО-ға барды

Ардагерлер елдің бірлігі, тұрақтылық, ұрпақтар сабақтастығы туралы ойларын ортаға салды. Оймақты ойлар мен салмақты сөздер айтылған кездесу соңында облыс басшысы қазыналы қарттардың қолдауына ризашылығын білдірді.

Сіздер түрлі салада жылдар бойы қажырлы еңбек етіп, өңірдің дамуына айрықша үлес қостыңыздар. Өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз кейінгі буынға үлгі — өнеге. Өздеріңізбен дидарласып, тапсырмаларыңызды тыңдау — мен үшін үлкен мәртебе, — деді Өмірзақ Шөкеев.

Бұған дейін ауданда кең күту залдарымен жасақталған ХҚО болмаған. Үзіліссіз қызмет көрсететін жаңа оталық заманауи цифрлық қызметтер көрсету орындары, оқу кабинеті, демалыс бұрышымен жабдықталған. «Цифрлық қызмет көрсету» секторы жұмыс істейді. Соңғы үлгідегі компьютерлермен жабдықталған орталықта бір мезетте 10 адам өз бетінше қызмет ала алады.

Жыл басынан бері «Азаматтарға арналған үкіметтің» Түркістан облысы бойынша филиалы арқылы 2,3 млн-нан аса мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның тең жартысын түркістандықтар электронды түрде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы алған. Елдегі карантин жағдайын ескере отырып, ХҚО алдын ала кезекті брондау форматымен қызмет көрсетеді.