Ілмек: Ауыл әкімі

Қазақстанда жоғары білімі жоқ азаматтар да ауыл әкімі сайлауына қатыса алады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдері лауазымына орта арнаулы білімі бар қазақстандықтарды ұсыну туралы ұсынысты қарауды тапсырды.

Сайлауға вакцина алған немесе ПТР-тесті бар журналистер бара алады

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау кезіндегі негізгі санитарлық-эпидемиологиялық талаптар көрсетілген бас санитарлық дәрігер қаулысының жобасын оқыды.

Президент ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Мемлекет басшысы облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиынға Президент әкімшілігі мен Үкіметтің басшылық құрамы да қатысты.

Ауыл әкімі сайлауына мұғалімдер мен фельдшерлер де түсе алады

Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин қандай адамдардың мемлекеттік қызметтегі өтілінсіз әкім сайлауына түсе алатынын айтты.

Ауыл әкімдері екі мерзімге ғана сайлана алады

Ауыл, кент, аудандық маңыздағы қала мен ауылдық округ әкімдері екі мерзімге ғана сайлана алады. Сайлау туралы конституциялық заңға енгізілген түзетулер осындай баппен толыққан.

Батыс Қазақстан облысында ауыл әкімдері сайлауы өтті

Батыс Қазақстан облысы бойынша 7-9 маусым аралығында ауылдық округ әкімдерін сайлау науқаны өтті.