Не болды?
Алматыда прокуратура қызметкерлері азаматтарды заңсыз тіркеу дерегін анықтады. Тексеру барысында Наурызбай ауданында тұратын азаматтың бір бөлмелі пәтерге 990 адамды тіркегені белгілі болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Ресми мәліметке сәйкес, пәтер иесі азаматтарды ақылы негізде тіркеген.
Наурызбай аудандық прокуратурасы қылмыстық кодекстің 394-бабы (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша тіркеген қылмысқа пәтер иесін кінәлі деп таныды. Оған бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды көші-қон заңнамасын сақтауға шақырып, мұндай заңсыздыққа барған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Контекст
Естеріңізге салайық, ішкі істер министрлігі 1 шілдеден бастап тұрғын үйлердің ауласына көлік қоюға тыйым салынады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
