Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

26.06.2026 күні 4 мыңнан астам жұп неке қияды

Фото: Depositphotos.com

Не болды?

Қазақстанда 26.06.2026 күні неке қиюға ниетті жұп саны 4 мыңнан асты. Ерекше күнде отбасын құруға ең көп өтініш Алматы мен Астана қаласынан түскен. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қазақстанда жылдың ең ерекше күнінде неке қиюға өтініш беру 11 маусымда аяқталды.

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, ең көп өтініш Алматы қаласының тұрғындарынан түскен. Мұнда 830 жұп өмірінің жаңа тарауын 26.06.2026 күні бастауға ниетті. Ал Астана тұрғындарынан 740 өтініш тіркелсе, Шымкент қаласында жас жұбайлардан 141 өтініш түскен.

Қайталанатын сандардан құралған ерекше күндер үлкен сұранысқа ие. Жұптардың басым бөлігі мұндай күндердің символикалық мәні бар деп санап, неке қию рәсімін дәл осы күндерге жоспарлауға тырысады.

26 маусым күні еліміздегі азаматтық актілерді тіркеу бөлімдері күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтінін хабарлады.

Контекст

Естеріңізге салайық, құлағы естімейтін қыздың тойында құрбылары ым-ишара тілінде ән айтты.

Мақалаға реакция