Не болды?
Қазақстанда мемлекеттік басқаруды цифрландыру аясында ауыл әкімдеріне арналған жаңа платформа іске қосылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Әкімнің цифрлық жұмыс орны» жобасын бастады. Қазір жүйе 17 облыс пен 1894 ауылдық округті қамтып отыр.
Жаңа платформаның басты мақсаты – әкімдерді қағазбасты жұмыстан босатып, қажет ақпаратты жедел алуға мүмкіндік беру. Бұған дейін түрлі дерек жинауға, сұраныс жолдап, есеп дайындауға көп уақыт жұмсалса, енді барлық мәлімет бір жүйеге жиылды.
Жобада 30-дан астам мемлекеттік ақпарат жүйесінің деректері бірікт. Енді әкімдер халықтың табысы, жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік жағдайы, тұрғын үй мен инфрақұрылымның жай-күйін бақылай алады. Сонымен бірге денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы көрсеткішті, мемлекеттен қолдау алушылар туралы ақпаратты бір жерден көре алады. Жүйенің тағы бір артық тұсы – әкімдіктердегі жүктемені азайту. Автоматтандыру есеп пен талдау материалдары дайындауға кететін уақытты қысқартады. Бұл деректердің бірден жаңаруын қамтамасыз етіп, басқару сапасын күшейтеді, — делінген хабарламада.
Министрлік алдағы уақытта платформа мүмкіндігін арттыруды жоспарлап отыр. Жүйеге жер ресурсы, салық, субсидия және шаруа қожалықтары туралы деректі қосу көзделген. Бұл ауылдардың дамуын және жергілікті басқарудың тиімдігін арттыруға мүмкіндік береді.
Контекст
Естеріңізге салайық, Қазақстанда әкімді сайлауға қатысты жаңа ереже енетіні хабарланған еді.
