251 қазақстандыққа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

2017 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша 600 стипендия бөлінген. Республикалық комиссияның екі отырысының қорытындылары бойынша соның 251-і өз иесін тапты.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын алуға ағымдағы жылдың 29 мамырынан 16 қарашасына дейін құжат қабылданды. Стипендия тағайындау жөніндегі конкурс 5 маусымда басталып, 20 желтоқсанға дейін өткізіледі.

Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі  Республикалық комиссияның «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендиялар тағайындауға арналған келесі отырысы желтоқсанның басында өтеді.

ДереккөзInform.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да