Ислам Каримовтың 80 жылдығы тойланады

Жарлық Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың республика тәуелсіздігіне қосқан зор тарихи үлесін ескере отырып, бұған қоса оның мұрасын ғасырларға жеткізу мақсатында қабылданған.

2018 жылы қаңтарда Самарқанда Каримовтың ескерткіш қабірі ресми түрде ашылады және Карши қаласында оған ескерткіш қойылады.

Бұған қоса Каримовтың өмірі мен қызметі туралы деректі фильм түсіріліп, тұңғыш президент жазған кітаптар мен оған арналған шығармалар басылады.

Білім беру мекемелерінде, әскери бөлімдерде, еңбек ұжымдарында және жергілікті өзін өзі басқару органдарында оның құрметіне арналған кездесулер ұйымдастырылады.

ДереккөзCentralasian.org