«Алматылықтар діни экстремизм мен терроризмге қарсы!» акциясы өтті

Аталмыш шара ұйымдастырушысы — Алматы дін істері басқармасының МКК «Cараптама және зерттеу орталығы». Бұл акцияның басты  мақсаты — бейбітшілік пен келісімді насихаттай отырып, діни экстремизм мен лаңкестік мәселелерге тосқауыл қою әрі қоғам назарын аудару болып саналды.

Өзге шаралардан акцияның басты ерекшелігі — «пікір» стендісінің қойылғаны болды. Стендқа әрбір адам еркін түрде өз пікірін екі тілде  жазды. Сондай-ақ, діни экстремизм мен терроризмнен зардап шеккендерге қолдау сөздерін білдірді.

Бұдан бөлек, бағдарлама бойынша акция барысында балалар үшін арнайы шоулар, концерттік бағдарламалар көрсетіліп, тегін тәтті тағамдар мен сусындар үлестірілді.

1 пікір

  1. күшті өтті негізі кім жасаса да рахмет молодцы
    осындай іс-шаралар көбірек болып түрса жаксы болар еді . маған ұнады

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да