«Алматылықтар діни экстремизм мен терроризмге қарсы!» акциясы өтті

Аталмыш шара ұйымдастырушысы — Алматы дін істері басқармасының МКК «Cараптама және зерттеу орталығы». Бұл акцияның басты  мақсаты — бейбітшілік пен келісімді насихаттай отырып, діни экстремизм мен лаңкестік мәселелерге тосқауыл қою әрі қоғам назарын аудару болып саналды.

Өзге шаралардан акцияның басты ерекшелігі — «пікір» стендісінің қойылғаны болды. Стендқа әрбір адам еркін түрде өз пікірін екі тілде  жазды. Сондай-ақ, діни экстремизм мен терроризмнен зардап шеккендерге қолдау сөздерін білдірді.

Бұдан бөлек, бағдарлама бойынша акция барысында балалар үшін арнайы шоулар, концерттік бағдарламалар көрсетіліп, тегін тәтті тағамдар мен сусындар үлестірілді.