Өскеменде «Қазцинк» кәсіпорнындағы жарылысқа қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, апат салдарынан екі адамның қаза болуына байланысты ҚР ҚК-нің еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталған.
Қазір оқиға орнында жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған шұғыл тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпаратты ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге тыйым салынған, — делінген хабарламада.
Еске салайық, 5 мамырда Өскемендегі «Қазцинк» зауытының бір цехында жарылыс болды.
Апат салдарынан екі адам қаза болып, тағы бес адам жарақат алған.
