Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыстың қанша ардагері қалды?

Не болды?

Елімізде соғыстың 83 ардагері мемлекеттік жәрдемақы алады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

«Азаматтарға арналған үкіметтің» мәліметінше, Екінші дүниежүзілік соғысқа шамамен 1,2 миллион Қазақстан азаматы қатысқан. Қазір елімізде соғыстың 83 ардагері арнайы мемлекеттік жәрдемақы алып отыр.

Соғысқа қатысқаны үшін 69 ардагер, ал мүгедектігі бар болғандықтан 14 ардагер жәрдемақы алады, — делінген хабарламада.

Қай өңірде жәрдемақы алатын ардагер көп?

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқаны үшін:

  • Алматы қаласында — 26;
  • Алматы облысында — 8;
  • Қостанай облысында — 6;
  • Шығыс Қазақстан облысында — 4;
  • Қарағанды облысында 4 ардагер мемлекеттік жәрдемақы алады.

Контекст

Естеріңізге салайық, биылғы ақпан айында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Қамбар Сәрсен 102 жасында қайтыс болған еді.