Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері, Қамбар Сәрсен 102 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Сәрсен Қамбар Әмірұлы 1924 жылғы 25 қазанда Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Күнтимес ауылында дүниеге келген. 1942 жылы тамызда Кеңес Армиясына шақырылып, 3-ші жеке бригададағы мерген мектебінің курсанты ретінде тіркелген.
1943 жылдан бастап ол Прибалтика майданының 4-ші соққы армиясының 1911 атқыштар полкіне қатысып, ауыр жарақат алған. 1944 жылы жазылып шыққан соң қайта майданға жіберіліп, 51-ші Витебск Қызыл Ту, Суворов ордені II дәрежелі атқыштар дивизиясының барлау ротасында қызметін жалғастырған.
Сәрсен Қамбар Әмірұлы Калинин мен Псков облыстарын, Беларусь, Латвия, Литва, Польша және Шығыс Пруссияны азат етуге тікелей қатысқан. 1945 жылғы қарашада Кеңес Армиясы қатарынан демобилизацияланған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Соғыстан кейінгі жылдары ол партиялық қызмет атқарып, кейін ішкі істер органдарына еңбек сіңірген. Қазақ КСР ІІМ-нің ведомстволық күзет басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған. Қамбар Сәрсеннің өмір жолы – елге қызмет ету мен батылдық үлгісі ретінде есте сақталады, — делінген ПД хабарламасында.
