217 млн доллар: Майкл Жексон туралы фильм рекорд орнатты

Аңызға айналған поп-музыка жұлдызы Майкл Жексон туралы түсірілген «Майкл» фильмі прокаттың алғашқы кезеңінде рекордтық табысқа жетті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Associated Press агенттігінің мәліметінше, картина әлем бойынша 217,4 миллион доллар жинаған.

Майкл Жексон фильм, Майкл Джексон
«Майкл» фильмінен видео скрині

Lionsgate студиясының мәліметінше, оның 97 миллион доллары АҚШ пен Канада нарығына тиесілі. Фильм музыканттар туралы өмірбаяндық картиналар арасында жаңа рекорд орнатып, бұрын көш бастап тұрған Straight Outta Compton және Bohemian Rhapsody фильмдерінің бастапқы табысын басып озды.

Майкл — Русский трейлер фильма (Дубляж, 2026) Джаафар Джексон

Фильм әншінің жеке өміріне қатысты даулы тақырыптарды да қамтиды. Майкл Жексон кезінде өзіне тағылған сексуалдық зорлық-зомбылық айыптауларын жоққа шығарған, ал 2005 жылы сот оны толық ақтаған.

Картина өнерпаздың отбасы ішінде де түрлі пікір туғызды. Мәселен, Жанет Жексон түсірілімге қатыспаған болса, әншінің қызы Пэрис Жексон фильмге сын айтқан.

Жафар Жексон
Фото: www.kino-teatr.ru

Басты рөлді Майкл Жексонның жиені Жафар Жексон сомдады.