Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 15 шетел азаматы ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Полицияның мәліметінше, аталған азаматтар соттың Қазақстан аумағынан шығару туралы шешімін өз еркімен орындамаған. Осыған байланысты құқық қорғау органдары оларды елден күштеп шығару шарасын қолданған.
Шетел азаматтары Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы «Тәжен-авто» бақылау-өткізу бекеті арқылы Қазақстан аумағынан шығарылды, — делінген хабарламада.
Құзырлы органдардың дерегінше, заң бұзған азаматтарға алдағы бес жыл ішінде Қазақстанға қайта кіруге тыйым салынды.
