Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады

27 сәуірге Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Қазгидромет» мәліметінше, Астанада кей уақыттарда тұман түседі. Түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Алматыда күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.

Шымкентте солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз 15-20 м/с болады.

Абай облысында түнде батыс пен солтүстікте, күндіз шығыс пен оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Желдің екпіні түнде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола облысының батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде тұман түседі. Желдің екпіні түнде кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде оңтүстік және шығыс аудандарда 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Алматы облысында күндіз оңтүстікте және таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 18-23 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау облысында 27 сәуір күні солтүстік пен шығыста жаңбыр мен найзағай болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде солтүстікте 1 градусқа дейін үсік жүреді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр, күндіз шығыс пен оңтүстікте жаңбыр жауады. Солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетеді.

Жетісу облысында күндіз шығыста және таулы өңірлерде жаңбыр мен найзағай болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында күндіз батыс, солтүстік және орталық бөліктерінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с-қа дейін жетеді.

Қарағанды облысында түнде солтүстік пен шығыста жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Қостанай облысында түнде және таңертең шығыс пен оңтүстікте тұман күтіледі. Түнде батыс, оңтүстік және шығыс бөліктерінде 2 градусқа дейін үсік болады.

Қызылорда облысында күндіз оңтүстік, солтүстік және орталық аудандарда шаңды дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Маңғыстау облысында күндіз батыс, оңтүстік және орталық бөліктерінде жаңбыр мен найзағай болады. Сонымен қатар шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Павлодар облысында түнде және таңертең солтүстік пен батыста топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман күтіледі. Желдің екпіні күндіз 15-20 м/с. Түнде кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік болады.

Түркістан облысында батыс, солтүстік, тау және тау бөктерінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ұлытау облысында түнде және таңертең солтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде тұман күтіледі. Түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.