Каспий теңізі акваториясында магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Әзербайжан ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен сағат 21:09-да болған.
Azertag агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 74 шақырым тереңдікте орналасқан.
Алдын ала деректер бойынша, дүмпу теңіз аймағында тіркелгендіктен, жақын маңдағы елді мекендерге айтарлықтай әсері туралы нақты ақпарат әзірге жоқ. Мамандар жағдайды бақылап, мәліметтерді нақтылап жатыр.
