Атыраудағы қанды іс: күдіктінің ақыл-есі сау деп танылды

Атырау облысы, Жангелдин ауылындағы бір отбасының өліміне күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев ақыл-есі сау деп танылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Атырау облысы прокуратурасының мәліметінше, күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев балдызы Наурыз Мұқанғалиевті мамырда, ал қайын атасы мен қайын енесін және тағы бір балдызын қараша айында өлтірген. Прокуратура сот-медициналық сараптаманың қорытындысын ұсынды.

Тергеудің мәліметі бойынша Сұлтан Сәрсемәлиев бұл қылмыстарды жалғыз өзі жасаған. Ешкіммен сөз байласпаған. Сот-психиатриялық сараптама оның есі дұрыс екенін және әрекеттеріне жауап бере алатынын анықтады. Қаза болғандардың денесінен пышақтың іздері табылды. Әрқайсысы кемі алты немесе одан да көп жарақат алған. Күдікті олардың кеудесін, мойнын және өзге де маңызды органдарын пышақтаған, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты психиатриялық сараптама нәтижесі әлі дайын емес.

Еске салайық, 2025 жылғы қараша айында Атырау облысында төрт адамнан тұратын отбасы жоғалып кеткен. 2026 жылғы қаңтарда отағасы мен оның әйелінің денесі өз үйлеріндегі сарайдан табылған болатын. Ал олардың екі ересек баласын іздеу жұмыстары осы уақытқа дейін жалғасқан. Ақпан айында отбасының күйеу баласы мен қызы Индонезияда ұсталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да