Енді елімізде сапалы жол салуға Қытай көмектеседі

Не болды?

Қытайдың компаниялары Қазақстанда сапалы жол салуға көмектеседі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» Jol оrtalygy бөлімшесінің мәліметінше, Қазақстан мен Қытай бірлесе отырып, еліміздің климатына сәйкес сапалы жол салады. 21–22 сәуірде Астана мен Алматыда жол сапасын арттыруға бағытталған ресми кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты мен Қытайдың Central Fortune Creation Technology Group Co., Ltd компаниялары қатысты.

Алматы – Шелек – Қорғас тас жолында тозуға төзімді асфальт сынақтан өтіп жатыр. Мамандар жол құрылысын цифрландыру үшін:

  • жол құрылысына қажет материалдың деректер базасын құру;
  • көпірді диагностикалау мен жөндеудің заманауи әдістерін қолдану;
  • «ақылды» транспорт енгізуді қарастырып жатыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, енді жол ережесін қайта бұзған жүргізушілер 15 тәулікке қамалады.